Статьи журнала "Современное образование"

Ары қарай оқу>>ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат НҰРБЕКПЕН сұхбат

– Әлемдік университеттердің деңгейіне жету, рейтингтерде жоғары орынға ие болу үшін біздің ЖОО-ларға қандай шаралар қабылдау керек? Жалпы, біздің жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтерге қатысу қажеттілігін қалай бағалайсыз?Өйткені, әлемдік жоғары рейтингтерге жету өте қиын және үлкен шығындарды талап етеді әрі олар ең алдымен оқу процесіне емес, зерттеу қызметіне бағытталған. Әлде әлемдік рейтингтерсіз интернационалдандыру мен әлемдік танудың тиімді процесі мүмкін емес пе?
– Әлемнің жоғары оқу орындарының рейтингін саралау 2000 жылдардың басында қарқын ала бастады. Жоғары білім беру жүйелері арасында бәсекелестіктің артуына, әсіресе студенттер арасында академиялық ұтқырлықтың артуына байланысты рейтингтер университеттердің қызметін салыстырудың ажырамас құралына айналады.
Бүгінгі таңда үш академиялық рейтинг: Шанхай университеті жариялаған Әлемдік жоғары оқу орындарының академиялық рейтингі, Times Higher Education рейтингтік агенттігі жариялаған жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингі және Quacquarelli Symonds жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингі ең танымал болып саналады.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының мұндай рейтингтерге қатысуы – бұл бірінші кезекте білім беру үдерісін ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнының барлық қызметін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мүмкіндігі. Сонымен қатар, бұл әлемдік білім беру кеңістігінде өз орнын анықтау және әлемде жоғары беделге ие жоғары оқу орындары арасында тең серіктес ретінде орналасу мүмкіндігі.
Рейтингке қатысудың бүкіл тарихында 2023 жылы рейтингке біздің жоғары оқу орындарының ең көбі – 21 қатысты.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен қызу бәсекеде екенін бәріміз білеміз. Тиісінше, олардың халықаралық академиялық рейтингтердегі жетістіктері – оқу орны ұжымдарының жүйелі және қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Әлемдік рейтингтерде зерттеу қызметіне шын мәнінде үлкен көңіл бөлінеді және әлемдік рейтингтерде одан әрі ілгерілеу үшін қазақстандық жоғары оқу орындары бар күш-жігерін ғалымдардың жұмысына жұмылдырып, олардың жазған еңбектерінің ықпалды ғылыми басылымдарда жарық көруіне бағыттауға тиіс. Осыған байланысты университет ғылымы ғылыми-технологиялық және инжинирингтік парктер құруға, университеттер мен ғылыми ұйымдарды интеграциялауға, эндаумент-қорларды қалыптастыруға баса назар аудара отырып, қосымша даму серпініне ие болады.
Министрлік сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарын халықаралық кеңістікте тануды кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Өздеріңіз білетіндей, қазір мемлекет желілік университеттер құру мәселесін пысықтауда, қос дипломды және халықаралық бағдарламалар, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Халықаралық ынтымақтастық географиясын кеңейту, шетелдік студенттер мен шетелдік ғалымдарды тарту бойынша жұмыстаржүргізілетін болады.
Қос дипломды бағдарламалар бойынша білім алушылар саны (2018–2023 жж.)
Жоғары оқу орындарының заманауи академиялық және зерттеу экожүйесін қалыптастыру үшін 15 өңірлік және 5 педагогикалық университет базасында академиялық артықшылық орталықтары құрылатын болады. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін жаңа кампустар салынады. Сәтбаев университетінің базасында озық зерттеулер жүргізуге бағытталған ғылыми-зерттеу хабы құрылатын болады. С. Өтебаев атындағы АМГУиндустриялық университет болып қайта құрылады, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті зерттеу университеті мәртебесіне ие болады.
Халықаралық әріптестік жобаларды дамыту және салалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау қазақстандық ғалымдардың халықаралық сараптамалық топтардағы зерттеулерінің танымалдылығын арттыру үшін өте маңызды.

Сұрақтарды қойған

Александр ПЕТРУХИН


АННОТАЦИЯ

Министерство науки и высшего образования РК проводит активную работу по развитию международного сотрудничества, совместной научной работы в вузах, увеличению количества двудипломных и международных программ. В стране уже открыто 12 филиалов зарубежнх вузов. В свою очередь казахстанские вузы также начали открывать свои филиалы в соседних странах. О проделанной работе и планах по развитию международного сотрудничества и интернационализации высшего образования рассказал журналу министр науки и высшего образования Саясат Нурбек.
«Заманауи білім» журналындағы мақалалар
Made on
Tilda